Компания туралы

Компания туралы

Көптеген жылдар бойына, 1997 ж. дейін кәсіпорын жұмыс істеді және Ресейдің көптеген аймақтарында, атап айтатын болсақ Орынбор, Челябинск, Перм, Свердлов облыстарында, сонымен қатар Башқұртстан Республикасында бөлімшелері болды.

 
  
Компанияны және жол жабындары құрылысы технологияларын басқаруы жаңа тәсіліндегі ұжымның қалыптасуы барысындағы түйінді кезеңдердің бірі басты мердігер ретінде танымал жапон фирмасы «IHI» қызмет еткен Семейдегі (1999-2001) Ертіс өзені арқылы аспалы көпір құрылысының жобасын жүзеге асыруға қатысуы болды.
 
Бұл компанияның халықаралық стандарт бойынша құрылысты жүзеге асыруындағы бастапқы қадамдар болды.
 
Жаңа технологияларды игеруде іргелі советтік инженерлік мектеп басты рөл атқарды. Жобаны орындау үдерісінде Германия, АҚШ және басқа да алыс шетел елдерінің озық компанияларының қазіргі заманға сай жол-құрылыс техникаларын алу қажетілігі туындады.

973bfe_d3b42cf98cc746e7bd7e6071d4091c4f

Ұжым мызғымастығын сынаудағы келесі қадам кәсіпорын басты мердігер ретінде қатысқан Астана халықаралық әуежайының рулеждік жолдары мен перрондарын, ұшып-қону жолағын қайта құруға қатысуы болды. Қайта құру үрдісінде асфальтбетонды қоспалар, асфальтбетонды геотормен арматуралау өндірісі барысында «Кратон» полимерлі қоспаларын пайдалану тәрізді жаңалықтар пайдаланылды. Жобаның бірегейлігі ұшып-қону жолағын қайта құру бойынша барлық жұмыстардың әуежайдың жазғы пайдаланылуын тоқтатпастан орындалғандығы болды. Жұмыс таңертеңгі 8:00 басталды, ал 21:00 кейін жүйелі әуе рейстері жүзеге асырылды.

2004-2005 жж. Ақтөбе халықаралық әуежайының рулеждік жолдары мен перрондарын, ұшып-қону жолағын қайта құру орындалды. Аталған объектіні қайта құру барысында ПАГ-18 және ПАГ-14 темір бетонды аэродромдық плиталары пайдаланылды. Бұл обьектідегі жағдай өзгеше болғандықтан ұшып-қону жолағын пайдалану 72 күнге тоқтатылды. Барлық жұмыстар анықталған мерзімде орындалды.

2008-2010 жж. Қызылордадағы «Қорқыт Ата» әуежайындағы аэродромды қайта құру жүргізілді.

2010-2012 жж. Көкшетау қаласындағы аэродромды қайта құру, Көкшетау, Петпропавловск қаларының айналмаларын қоса алғандағы «Астана — Петропавловск – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолдарын, Көкшетау арқылы Астана — Петропавловск» автожолдарының 304,2-313 км., «Көкшетау-Кішкенекөл-РФ шекарасы» автожолдарының 2,7- 9 (ПК 67+78) км. учаскелерін қайта құру бойынша жұмыстары жүргізілді.

2010-2013 жж. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі «ОҚО шекарасы-Тараз» 536-593 км. учаскесін цементті бетонды жабынмен қайта құру орындалды.

973bfe_bcae71f0efcf4408a8bc0f2b24267d04

2012-2013 жж. Тараз және Талдықорған қалаларындағы әуежайларды, «Алматы – Өскемен» автожолдарының 118-259 км. учаскелеріндегі қайта құру жұмыстары басталды: 118-149, 149-180, 180-213.

K-DorStroy
K-DorStroy
K-DorStroy
K-DorStroy

Астана, Қабанбай Батыр даңғылы 2/2

+7 (7172) 58-04-95

info@k-dorstroy.kz

(C) 2018 "-". .